Кәсіпорын басшысы Арман Қасенов барлық филиалдар басшыларының қатысуымен өткен отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын атап өтті.
Осындай бастамалардың бірі open space форматында кәсіпорынның барлық қызметтерімен бірге азаматтарды қабылдау және т. б.
Сонымен қатар, “Қазсушар” жұмысының 100% ашықтығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленуде. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жөніндегі арнайы ереже бекітілді. Барлық құрылымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша тиісті мәдениет енгізілуде. Ұйымдағы ішкі аудит қызметі де қалпына келтірілетін болады.
А. Касеновтың айтуынша, кәсіпорында су есептеу мен көлікті цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Түркістан облысында суды есепке алу бойынша пилоттық жоба – К-19 каналын автоматтандыру іске қосылады. Бұл бірінші кешенді автоматтандырылған шаруашылықаралық канал. Онда су деңгейін сандық есепке алу және автоматты бақылау жүргізіледі. Бұл су берудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін кәсіпорын ғарыштық түсірілімдер әдісімен егіс алқаптарының сандық картасын әзірлеуге ниетті.
«Қазсушар» басшысы осы шаралардан басқа суармалы алқаптардың қаншалықты жүктелгендігін көрсететін, егіндік алқаптардың ғарыштан түсірілген тарихи түсірілімдерді қолдануды ұсынды. Бұл кәсіпорынның егін-терім науқаны бойынша жұмысын нақты құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорынның барлық филиалдарында техникалардың ұтымды пайдаланылуын қадағалау үшін оған GPS-трекерлерді орнату тапсырылды. Бұл бірінші кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді, деп атап өтті А.Қасенов.
Сонымен қатар Арман Қасенов сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар құрылыстармен кәсіпорынның пайдалануға берілген құрылыстарын назарда ұстау қажеттілігіне ерекше тоқталды. ГТҚ объектілерін пайдалану және салу барысының барлық қатысушыларына сенім телефондары ұсынылады.
«Қазсушарда» осындай тәуекелдерді азайту жөніндегі бастамалардың жиынтық жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқа да шараларды қабылдауға ниетті. Кәсіпорын қызметкерлері ұйым басшылығына өз ұсыныстарын енгізе алады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.