
12.03.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық құрылысты жөндеді.
14.03.
АСТАНА
Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды.
14.03.
АСТАНА
2024 жылы Қазақстанның 14 облысында 84 су шаруашылығы нысанына көп факторлы зерттеу жүргізілді. Биыл 105 гидроқұрылысты көп факторлы зерттеуден өткізу жоспарланып отыр.
13.03.
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында Шар су қоймасын реконструкциялау және беріктігін арттыру жұмысын жүргізді. 2000 шаршы метр жерге екі қабатты геомембрана және 750 шаршы метр темірбетонды монолитті тақта төселді.
12.03.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
Қостанай облысының «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өз иелігіндегі барлық су шаруашылығы нысандарын тексерді. Инертті материалдар қоры дайындалды.
13.03.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 428 шақырым болатын 76 суару каналын реконструкциялау жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Қалғұты, Ақмола және Ырғайты су қоймаларының құрылысы басталады.