Еңбек адамы: Базаркулова Шолпан Мутановна

Еңбек адамы: Базаркулова Шолпан Мутановна

Базаркулова Шолпан Мутановна - су шаруашылығы саласында 42 жыл бойы табанды еңбек етіп, өз ісінің нағыз маманына айналған білікті әрі тәжірибелі маман.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысы Шелек суару жүйесін басқару мекемесінде гидромердің көмекшісі болып бастады.

1986-1989 жылдар аралығында Шелек суару жүйесін басқару мекемесінің арнайы берген жолдамасымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде гидромелиорация кафедрасында білім алып, маман иесі атанды.

Көп жылғы еңбегі тек біліктілігімен ғана емес, адами қасиеттерімен де бағаланады. Ол әріптестерімен сенімді қарым-қатынас орнатып, ұжымда сый-құрметке ие. Жас мамандарға тәлімгерлік етіп, өз тәжірибесімен бөлісуде ерекше ықылас танытады.

Су шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етіп бірнеше «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы», сондай-ақ 2023жылы III дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ», «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгілерімен мараппатталған.

Қазіргі таңда «Д.Қонаев атындағы ҮАК» филиалының инженер-гидротехнигі болып жұмыс істейді.

Базаркулова Шолпан Мутановнаға алдағы жұмысына толағай табыс пен сәттілік тілейміз!