
05.03.
Астана
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады.
06.03.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігінде алқа отырысы өтті. Жиында су ресурстары және ирригация вице-министрлері, сондай-ақ «Қазсушар» кәсіпорнының бас директоры өткен жылғы жұмыс нәтижелері және 2025 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндама жасады.
07.03.
Астана
Халықаралық әйелдер күніне орай су саласының 21 маманы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Қазақстанда су саласында екі жарым мыңға жуық әйел жұмыс істейді.
04.03.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл еліміздің 3 облысында 4 жаңа су қоймасының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Ақмола, Қалғұты (Жамбыл облысы) және Қараөзек (Қызылорда облысы) су қоймалары суару кезеңінде 22,5 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, Батыс Қазақстан облысында салынатын Үлкен Өзен қоймасы 5000-ға жуық тұрғыны бар екі елді мекенді су тасқынынан қорғайды.
07.03.
Астана
2025 жылдың қазанына дейін Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 16 млрд текше метр су келеді деп күтілуде.
07.03.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы көрші елдермен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының 44 отырысын өткізді.
03.03.
Өзбекстан
Қазақстан мен Өзбекстан су үнемдеу технологияларын енгізу және дамыту бойынша тәжірибе алмасты. 3-5 наурыз аралығында Ташкентте Өзбекстан Республикасының су үнемдейтін суару жүйелерін дамыту және енгізу жөніндегі тәжірибесін зерделеу бойынша тренинг өтті.
06.07.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Талас өзенінің 1160 метр табанын тазалап, 900 метр жағалауын нығайту жұмысын жүргізді. Осының нәтижесінде 3673 адам тұратын Қостөбе, Үлгілі, Сарыкемер және Саяжай елді мекендерін су басу қауіпі азайды.
03.03.
Түркістан облысы
Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы биыл сор шаю жұмыстарына 330 млн текше метр су жіберді. Бұл топырақтың құнарлығын арттырып, жақсы өнім алу үшін жасалады.