
Су ресурстары және ирригация министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың және Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен алқа отырысы өтті.
Жиында су ресурстары және ирригация вице-министрлері, сондай-ақ «Қазсушар» кәсіпорнының бас директоры өткен жылғы жұмыс нәтижелері және 2025 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндама жасады.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймалары салынып жатыр. Биыл тағы 4 жаңа су қоймасының құрылысын және қолданыстағы 4 қойманы реконструкциялауды бастау жоспарланып отыр.
2024 жылы 158 мың гектар жерде жаңбырлатып және тамшылатып суару, лазерлік тегістеу әдістері қолданылды. Бұл 30%-ға дейін су үнемдеуге мүмкіндік берді.
Министрлік Парламент Мәжілісі қабылдап, Сенатқа жолдаған жаңа Су кодексінің жобасын әзірледі.
Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандарының еңбекақысын 50%-ға дейін ұлғайту үшін жұмыс жасауда.
Судың «қара нарығымен» күресу мақсатында министрлікте Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылып, су инспекторларының саны 98-ден 210 адамға дейін ұлғайды.