Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтарына шолу

26.02.
Түркістан облысы
Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Түркістан облысында салынып жатқан Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы 50%-ға аяқталды. Нысан 68 млн текше метр су жинай алады.

27.02.
Астана
Испандық сарапшылар еліміздің батысындағы жерасты суларын барлауға қатысады. Министр Нұржан Нұржігітов жерасты сулары мен пайдалы қазбалар кен орындарын барлау үшін карта жасаумен айналысатын испандық Excalibur Smart Mapping компаниясының өкілдерімен кездесті.

24.02.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл сумен қамту нысандарын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл 208 мыңнан астам тұрғыны бар 146 елді мекенді ауызсумен қамту сапасын жақсартуға және 4 ауылды орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

25.02.
Қызылорда облысы
Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасынан Қызылорда облысына секундына 500 текше метрге жуық су жіберіліп жатыр. Шардара қоймасына су Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастық пен келісімдердің нәтижесінде жиналады. Жиналған су жазда ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.

28.02.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Сазды су қоймасының су тастайтын бөлігін күрделі жөндеуден өткізді. Қарғалы су қоймасына көп факторлы тексеріс жүргізіліп, қақпасының шынжырлары мен электр қозғалтқыштары ауыстырылды, қоршаудың зақымдалған бөлігі жөнделді.

25.02.
Түркістан облысы
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару маусымына дайындық аясында Камашақ каналында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төлеби ауданында орналасқан каналдың жалпы ұзындығы 13,7 шақырым.

26.02.
Алматы облысы
Д.Қонаев атындағы ҮАК филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында каналдардың бас құрылыстарын жауып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді.

27.02.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгетін қалпына келтіру, нығайту жұмысын жүргізді. Бүгінгі күні Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегіші су жинап жатыр.

24.02.
БҚО
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы тасқын суын апатсыз өткізу үшін инертті материалдар: 850 тонна құмды-қиыршық тасты қоспа, 200 тонна шағыл қиыршық тас (щебень), 1400 тонна кесек тас, 7 тонна бензин және 8 тонна дизель отынын дайындады.