
27.11.
АСТАНА
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын бірауыздан мақұлдады. Құжат 121 бап, 14 тарау және 6 бөлімнен тұрады.
МАҢЫЗДЫ: Жаңа Су кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Құжатта халықаралық тәжірибенің озық үлгілеріне сай экожүйені қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және су ресурстарын ұтымды басқару есебінен экономиканы тұрақты дамытуға жол ашатын заңдық тетіктер барынша қамтылды.
25.11.
АСТАНА
Су саласында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын өз сайтында Қазақстанның су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есеп жариялайтын болады. Жаңа Су кодексінің жобасында аталған норма қарастырылған.
МАҢЫЗДЫ: Ұлттық есеп - бұл еліміздің су қорының жай-күйі, қорғалуы және пайдаланылуы туралы өткен күнтізбелік жылға талдамалық есеп.
29.11.
АСТАНА
2003 жылы қабылданған Су кодексіне 20 жылда 272 өзгеріс енгізілді. Су саласының сарапшысы Әмірхан Кеншімов жаңа Су кодексі жобасына қатысты пікір білдірді. Оның сөзіңше, қолданыстағы кодексте көптеген нормалар декларативті, кей нормалар қайталанады және логикалық тұрғыда сәйкес келмейтін тұстары бар.
26.11.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне шамамен 1,6 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр.
АЙТА КЕТЕЙІК: 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылғы сәуірге дейін Арал теңізіне шамамен 1,3 млрд текше метр, ал жыл басынан бері 2 млрд текше метр су жіберілді.
28.11.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында инертті және жанар-жағармай материалдарын дайындап, бөгеттерді қалпына келтіру және каналдарды механикалық тазарту жұмыстарын жүргізуде. 29 гидротехникалық нысан және 29 гидрометриялық бекет жөнделді.
27.11.
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны маусымына дайындық аясында филиал су қоймаларынан су жіберіп, су шаруашылығы нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 9 бірлік арнайы техника сатып алынды. Ұзындығы 36 шақырым каналда іріктемелі механикалық тазарту және 7 ГТҚ ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
26.11.
СҚО
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқынына дайындық аясында Петропавл және Сергеев су тораптарында жағалау нығайту жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда жоспарланған 19 жөндеу жұмысының 18-і аяқталды.