Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтарға шолу

20.11.
АСТАНА
Жаңа Су кодексінің жобасына мұздықтар мен шағын су айдындарын қорғау іс-шаралары қосылды. Су ресурстары және ирригация министрлігі Парламент Мәжілісінің депутаттары және сарапшылармен бірлесіп кодекс жобасын пысықтауда.
МЫСАЛЫ: шағын өзендердің тартылуының алдын алу үшін тасқын суды өткізуге арналған құрылыстары жоқ нысындарды, су ағынын тоқтататын бөгеттерді жобалауға және салуға рұқсат берілмейді. Сулы-батпақты жерлерді ластауға, бітеуге, құрғатуға немесе өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.

19.11.
АСТАНА
Су және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еліміздегі 1502 гидротехникалық құрылысқа зерделеу жүргізді. Тексеру нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
АЙТА КЕТЕЙІК: елімізде 8 бассейндік инспекция бар. Ол Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас бассейндік инспекциялары.

21.11.
АСТАНА
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына тасқын және еріген қар суының алдын алу және қорғау іс-шаралары енгізілді.
АТАП АЙТҚАНДА: Елді мекендер мен нысандарды қорғау үшін жергілікті атқарушы органдар бөгеттер, мобильді қоршаулар, айналма арналар мен уақытша су қоймаларын салу жұмыстарын жүргізуі керек. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар су тасқыны мен еріген судан қорғау үшін орман екпелерін отырғызуды жүзеге асыруы тиіс.

20.11.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы биыл суару кезеңінде 332,5 мың га егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Филиал өңірдің 8170 шаруа қожалығымен суармалы су беру жөнінде келісімшарттар жасасты.
МАҢЫЗДЫ: Суару маусымына дайындық аясында ұзындығы 560,96 шақырым болатын 265 арна механикалық тазартудан өтті.

18.11.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларға жөндеу жүргізді. Сондай-ақ, Кеңбидай су торабындағы қақпаларды және Шағалалы су қоймасындағы төменгі бьефті жөндеу жұмыстары аяқталды.

20.11.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы ПК1210 каналынан бастап ПК1311 каналына дейін жалпы ұзындығы 10 шақырым учаскеде механикалық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. Тасқын суды жинау үшін су қоймаларында қажетті көлемде бос орын дайындалды.

22.11.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Торлан су қоймасынан су жіберетін қашыртқыны қалпына келтірді. Су қоймасының жалпы сыйымдылығы 1.9 млн текше метр. Қалпына келтіру тасқын суды қауіпсіз аймаққа бағыттауға мүмкіндік береді.