Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтар шолу

04.11
БҚО
Жыл басынан Каспий теңізіне шамамен 17 млрд текше метр су жіберілді. Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны 9,46 текше шақырымды құрайтын. Бірақ, биыл су көлемі орташа жылдық нормадан асып түсті.

05.11
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен бірлескен 23 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Министр Нұржан Нұржігітов Қазақстандағы Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі (ЕҚДБ) басшысының орынбасары Асқар Намазбаевпен кездесіп, бірлескен жобаларды іске асыру және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
МАҢЫЗДЫ: Министрлік пен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі Ақтөбе, Жамбыл және Түркістан облыстарында су шаруашылығы нысандарын реконструкциялау бойынша 53 жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда 19 жоба толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 23 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Оның 17-сі пайдалануға беріледі.

06.11
Астана
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың тапсырмасы бойынша келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрліктің бассейндік инспекциялары гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізді.

08.11
Алматы облысы
Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілді. Осының нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 м жетті.
МАҢЫЗДЫ: Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық.

05.11
ШҚО
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы «Қазсушар» филиалы 8 су торабы мен Егінсу су қоймасында жөндеу жұмыстарын аяқтады.
МАҢЫЗДЫ: Тағы 8 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

06.11
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Жетісу облысының «Қазсушар» филиалы инертті және жанар-жағармай материалдарын дайындау, бөгеттерді қалпына келтіру және каналдарды механикалық тазарту жұмыстарын жүргізеді.

08.11
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалында 7 су қоймасы тіркелген, су қоймалары техникалық жағдайы бойынша 941,6 млн текше метр су жинай алады, вегетациялық кезеңге дейін 771,0 млн текше метр су жиналып, 90,1 мың гектар алқап суармалы сумен қамтамасыз етілді.