Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтар шолу

30.09.
АСТАНА
Астанада Қазақстанның су секторын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында 2024-2030 жылдарға арналған «Су серіктестігі бастамасы» жобасы таныстырылды.
МАҢЫЗДЫ: Отырысқа қатысушылар Қазақстанның су ресурстарын басқарудағы, сондай-ақ стратегиялық әріптестікті және еліміздің су секторындағы басым бағыттарды талқылады.

02.10.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысының Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын қолданыстағы 13 канал қалпына келтірілуде. Қазіргі таңда каналдың 42 шақырымы толық бетондалды.
МАҢЫЗДЫ: Кешенді қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты - Түлкібас ауданындағы қолданыстағы және жаңадан игерілетін 8600 гектарға жуық егіс алқабын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады. Мердігер мекеме реконструкциялауды жыл соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.

04.10.
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында Үйдене суару жүйесінің екі магистральды каналында автоматтандыру жүйесін қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Бұдан бөлек, Жауғашты, Қарақия және Победа магистральды каналдарын реконструкциялау жоспарланып отыр.
МАҢЫЗДЫ: «Қазсушар» филиалы үш нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Бүгінгі таңда топографиялық түсірілім, геологиялық және геодезиялық іс-шаралар аяқталды.

02.10.
АСТАНА
Келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» филиалдары еліміздің солтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлеріндегі су қоймаларында бос орынды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
МАҢЫЗДЫ: Көктемде еліміздің су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинап, еріген суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық.