Елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» аталып өтеді.

Елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» аталып өтеді.
Елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» аталып өтеді. Біздің қоғамда еңбекқор адам, кәсіби маман қашан да құрметке ие.

👷🏻‍♂️Солардың бірі – су саласының маманы Сәбит Орынбаев. 27 жыл бойы Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасында жұмыс істейді. Биыл су шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаныңда «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

🗣️«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатуға баса мән берілу керектігін жиі айтып келеді. Президент елімізде 2025 жыл - жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Қазақстанда су шаруашылығы саласында он мыңнан астам адам қызмет етеді. Биыл «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға өсті. Біз келесі жылы да бұл жұмысты жалғастырамыз. Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың еңбегі лайықты түрде бағалануы тиіс», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.