
АЙТЫЛДЫ:
«Шаруалар мен өнеркәсіп өкілдеріне суға қатысты сапалы сараптамалар мен болжамдар керек. Бұл талдаулар әр жылы және орта мерзімді кезеңде судың мөлшері қандай болатынын да қамтуы қажет. Сондықтан бәрін алдын ала жоспарлаған жөн».
ОРЫНДАЛДЫ:
Министрлік су ресурстарын болжау және басқару үшін интерактивті «Hydro.gov.kz» геоақпараттық платформасын әзірлеуде және платформаны жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында су шаруашылығы кадрларын даярлау үшін Қазақ ұлттық су ресурстары және ирригация университеті құрылды. Осылайша, арнайы оқу орны су шаруашылығы мен ирригация жүйесі үшін тұрақты негізде жоғары білікті кадрлар даярлайтын болады.
Тұжырымдаманы әзірлеу шеңберінде су саласындағы ағымдағы ахуалға сапалы талдау және халықаралық тәжірибеге шолу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқару жүйесін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жетілдіру, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, су ресурстарын басқару жүйесін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді- әдістемелік құжаттамамен, су саласындағы кадрлармен қамтамасыз ету қарастырылған.