
01.09.
АСТАНА
Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылғанына - 1 жыл. Министрлік 2030 жылға дейін қосымша 2,6 текше шақырым су жинай алатын жаңа 42 су қоймасын салуды, 1,9 текше шақырым су сақтайтын 30 су қоймасы мен 14 450 шақырым суару каналын реконструкциялауды жоспарлап отыр. Осы арқылы тасымалдау кезіндегі су шығынын 25%-ға азайтуға, ал, суармалы жерлердің көлемін 400 мыңнан артық гектарға ұлғайтуға ниетті.
МАҢЫЗДЫ: Су ресурстары және ирригация министрлігінің жылдық жұмысының басты жетістіктері жайында мына «ссылка на ролик каз» бейнероликтен көре аласыздар.
06.09.
СҚО
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сергеев және Петропавл су қоймаларын келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындай бастады. Екі нысанда да жағалау нығайту жұмыстары аяқталды. Биыл Сергеев су электр станциясының сыртқы бетон конструкцияларын гидрооқшаулау, Петропавл су торабының қақпаларындағы тығыздау элементтерін ауыстыру және басқа да жұмыстар жоспарланып отыр.
МАҢЫЗДЫ: Биыл су тасқыны кезеңінде Сергеев су қоймасына шамамен 9 млрд текше метр су келіп, 8,8 млрд текше метрден астам су жіберілді. Ал, Петропавл су қоймасы арқылы нысанның 360–тан астам көлеміндей су өтті.
03.09.
АСТАНА
Биыл 82 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті. Студенттер практикалық тәжірибе жинап, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
ЕСКЕ САЛСАҚ: Жыл басында Су ресурстары және ирригация министрлігі 9 ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған болатын. Меморандумдарда тәжірибе жинақтаушы студенттерге жалақы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.
05.09.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Биыл ашылған Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне 129 талапкер грантқа түсті. Ал, ақылы бөлімде оқуға құжат қабылдау әлі жалғасып жатыр.
ЕСКЕ САЛСАҚ: Университет Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында құрылған болатын. Білім ордасында «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен қамтамасыз етудің инженерлік желілері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» және тағы да басқа білім беру бағдарламалары ашылады.