
АЙТЫЛДЫ:
«Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін кем дегенде 3500 шақырым каналды жаңарту және цифрландыру қажет».
ОРЫНДАЛДЫ:
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында жалпы ұзындығы 444 шақырым болатын 18 каналды автоматтандыру бойынша жұмысты бастады.
Қызылорда облысында 16 магистральдық және шаруашылық каналды автоматтандыру іске асырылып жатыр.
Қызылорда облысында Келінтөбе, Әйтек, Сұңқат, Жаңа Шиелі және О-2 каналдарында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, гидробекеттерді реконструкциялау жоспарлануда.
Осы жұмыстардың нәтижесінде министрлік жылына 0,5 текше шақырым суармалы су шығынын азайтып, 362 мың га суармалы жердегі суды есепке алуды жоспарлап отыр.