ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

АЙТЫЛДЫ:

«Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады».

ОРЫНДАЛДЫ:

2024 жылғы 30 сәуірде «Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеология қызметі құрылды.

Министрліктің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет жерасты суы орындары мен учаскелеріне, сондай-ақ су алу ұңғымаларына толық түгендеу жүргізеді. Нәтижесінде, мемлекет меншігіне алынған 4300-ден астам барланған жерасты су орындары мен учаскелерін қамтитын ауқымды деректер базасы құрылады.

Сонымен қатар, «Қазгидрогеология» жерасты сулары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, гидрогеологиялық саланы кешенді цифрландырумен айналысады.

Жаңа қызмет аясында су тапшылығы бар өңірлерде жерасты су ресурстарының көлемін ұлғайту үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл ретте халықты және экономика салаларын, оның ішінде суару үшін жерасты суымен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Халықтың қажеттілігіне сәйкес және міндетті түрде өңірдің экологиясы мен экономикасын ескере отырып, өз бетінше су шығып жатқан ұңғымаларды консервациялау жұмысы жалғасады.

Бұдан бөлек, жерасты суларын іздеу, барлау және гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі қызметті лицензиялау, сондай – ақ жылу энергетикасы, жылыжай және балық өсіру шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жерасты суларының геотермалдық ресурсын (баламалы энергия көзі) пайдалану бойынша практикалық жұмыс жүргізу жоспарда бар.

Қазақстанның батыс аймағын жерасты көздерінен ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.