Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Конституция күнімен құттықтады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Конституция күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын!

Ата Заң – азаматтарымыздың құқықтары мен бостандығының сақталуының кепілі. Конституцияның арқасында біз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолымен болашаққа сенімді қадам басамыз, мемлекетімізді дамытуға еңбек етеміз.

Оның ішінде еліміздің су ресурстарын сақтау, қорғау және оны тиімді пайдалану жолында күн сайын қызмет ететін су шаруашылығы саласының мамандары да бар. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған күннен 2 маңызды құжатты әзірледі. Біріншісі – Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы, екіншісі - жаңа Су кодексінің жобасы. Бұл құжаттардағы іс-шаралар еліміз үшін аса маңызды - су ресурсын қорғауға, көбейтуге және оның заңсыз пайдалануға жол бермеуге бағытталып отыр.

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Толығырақ: https://t.me/Nurzhan_Nurzhigitov/1141