
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы «АЛВА» лиманды суару жүйесінің жер бөгеттерін қалпына келтіру және нығайту жұмыстарын бастады. Филиалдың құрылыс техникалары мен құрал-жабдықтары тартылды, тас-топырақ және басқа да инертті материалдарды дайындау және тасымалдау жүргізілуде. Бұл жұмыстар нысандардың тұрақтылығы мен сенімділігін арттырады, бұл өз кезегінде лимандарды суға толтыруға мүмкіндік береді.