АПТАЛЫҚ ШОЛУ

АПТАЛЫҚ ШОЛУ


19.08.
Астана
Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Келісім жасаудағы негізгі мақсат - Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету болып табылады.

23.08.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынын талдау, болжау және модельдеудің​ TALSIM (Германия) және Delft-FEWS (Нидерланды) жүйелерін Қазақстанға бейімдеуге ниетті.
МАҢЫЗДЫ: Аталған жүйелер гидрологиялық және бұлт, ылғалдылық, жауын-шашын секілді ауа-райы деректерінің негізінде сараптама жасайды. Қазіргі уақытта Есіл өзені бассейнінің деректері енгізіліп жатыр.

20.08.
Астана
Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ирригация және дренаж жүйелерін кешенді реконструкциялау жұмысы аяқталуға жақын. Министрлік үш өңірдегі жобаларды осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
МАҢЫЗДЫ: Аталған жүйелер егіс алқаптарына су беріп, жерасты суларының деңгейін реттейді және топырақтың тұздануымен күреседі.

22.08.Жапония
Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияда білім алып келді.
МАҢЫЗДЫ: Оқу курсында cуды тазартудың озық технологиялары, су тазарту қондырғыларының құрылысын жоспарлау және басқару, су тарату құбырлар желісін компьютерлік бақылау және су сұранысын болжау тақырыптары бойынша дәріс оқылды. Сондай-ақ, Саппоро, Сендай, Кобе және Токио қалаларындағы су тазалау станцияларына, болат және пластмасса құбырлар шығаратын зауыттарға іссапар ұйымдастырылды.

21.08.
Астана
Суару маусымы басталғалы еліміздің шаруаларына шамамен 6,4 млрд текше метр су берілді
МАҢЫЗДЫ: Барлық облыста суару кезеңі штаттық кестеге сай өтіп жатыр. Өңірлерде су тапшылығы байқалмайды.

20.08.
Түркістан облысы
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару маусымы басталғалы шаруаларға 2,23 млрд текше метр су берді.
МАҢЫЗДЫ: Бүгінгі таңда «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы каналдан қосымша секундына 10 текше метр су беріліп жатыр. Осылайша, Жетісай және Мақтаарал аудандарының 86 мың гектар егіс алқабы суармалы сумен қамтамасыз етіліп отыр.

22.08.
Ақтөбе облысы
Су тасқынына дайындық аясында Ақтөбе су қоймасын кешенді реконструкциялау басталды. 245 миллион текше метр су жинай алатын нысан биыл тасқын кезінде үлкен көлемде су қабылдаған болатын.
МАҢЫЗДЫ: Су қоймасының су өткізетін құрылыстары мен бөгетінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, нысанның күзет дабылы мен жарықтандыру, бейнебақылау және электрмен жабдықтау жүйелері жөнделеді.

21.08.
БҚО
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Киров су қоймасын реконструкциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда су қоймасының бөгетін, су өткізу құрылыстарын жөндеу, сондай-ақ, «Көшім» жеткізу каналындағы жұмыстар аяқталды.