Күн тәртібінде Ақтөбе облысында суару мәселелері қаралды

Күн тәртібінде Ақтөбе облысында суару мәселелері қаралды
Күн тәртібінде Ақтөбе облысында суару мәселелері қаралды

Содержание спойлера

Министр Мағзұм Мырзағалиев, Су ресурстар комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров және "Қазсушар" РМК бас директоры Арман Қасенов Ақтөбедегі су қоймаларын аралап, облыс басшылығы мен "Қазсушар" РМК филиалының өкілдерімен су шаруашылығы жағдайы бойынша мәселелерді талқылады. Сапар барысында министр ауылды жерлерде суаруды қалпына келтіруге бағытталған жобалармен танысты. Нақтырақ, "Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласындағы жалпы көлемі 2 876 га суармалы жер телімдерін суаруға арналған сыртқы инфрақұрылым объектілерін (сору станциясы, электрмен жабдықтау, тарату құбыры) қайта жаңарту"жобасымен танысты. Оның аясында Ақтөбе облысының екі ауылдық округтерінде суаруды қалпына келтіру жоспарланып отыр. Олар: Благодарный және Қурайлы ауылдық округтері. Жоба құны- 3,3 млрд.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу 2020 жылы басталып, 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, министр Ақтөбе су қоймасынан Сазды өзенінің арнасына суағар салу жолымен Ақтөбе қаласының жасыл желекті аймағында инфрақұрылымдық нысандарды дамыту" жобасы қалай  іске асып жатқандығын көрді. Жоба толық жүзеге асса, 1,5 мың га жерді тұрақты суаруға мүмкіндік туады., бұл ауыз су шығынын азайтуға сеп болады.  Сондай-ақ, экологиялық жағдайды жақсартады. Суағарды іске қосқаннан кейін, Сазды өзені ағынды су қоймасы болады. Жобаны жуырда аяқтау жоспарланып отыр.