Күн тәртібінде Ақтөбе облысында суару мәселелері қаралды

Күн тәртібінде Ақтөбе облысында суару мәселелері қаралды

Күн тәртібінде Ақтөбе облысында суару мәселелері қаралды

Министр Мағзұм Мырзағалиев, Су шаруашылық комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров пен «Қазсушар» Бас директоры Арман Касенов Ақтөбе су қоймасын аралап, облыс басшылығымен және «Қазсушар» РМК филиалымен су шаруашылығы жағдайы бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

 Сапар барысында Министр Ақтөбе қаласының ауылдық округтерінде тұрақты суаруды қалпына келтіру жобаларымен танысты.

Сонымен қатар, жоба аясында үш ауылдық округте 2 мың га жерді суаруды қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жоба құны шамамен 2 млрд теңгені құрайды. Жақын арада нысанды пайдалануға беру күтілуде.

Сондай-ақ Министр Ақтөбе су қоймасынан Сазды өзенінің арнасына суағар салу арқылы Ақтөбе қаласының жасыл аймағының инфрақұрылымын дамыту жобасымен танысты.

Бұл 1,5 мың га алаңда ауыз су шығынынсыз жасыл желектерді (бульварлар, скверлер, ағаштар, көгалдар) үнемі суаруды жолға қоюға мүмкіндік береді. Жобаның құны-шамамен 1,5 млрд теңге. Жақын арада жобаны аяқтау жоспарлануда.


Содержание спойлера