Ақтөбе облысында суармалы жерлердің көлемі өсуде

Ақтөбе облысында суармалы жерлердің көлемі өсуде

Ақтөбе облысында суармалы жерлердің көлемі өсуде

Экология министрі  Мағзум Мырзағалиев, Су шаруашылық комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров  және «Қазсушар» РМК Бас директоры Арман Касенов облысқа кезекті жұмыс сапары барысында қазіргі уақыттағы жағдаймен танысты.

Министрге Ақтөбе облысының суармалы жерлерін қайта қалпына келтіру бойынша жобасы таныстырылды.

Мысалы, бұрын «Қазсушар» РМК Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің мемлекеттік кепілдігімен қарыз қаражатына Ақтөбе (15,9 мың га), Жамбыл (51,0 мың га) және Түркістан (25,7 мың га) облыстарында ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі жобаны іске асырды.

Қазіргі уақытта барлық нысандар бойынша құрылыс – монтаж жұмыстары аяқталды, оның ішінде Ақтөбе қаласы ауданында-3,8 мың га, Хромтау (6 мың га), Қарғалы (4,2 мың га), сондай-ақ Мәртөк ауданында (1,8 мың га).

Сондай-ақ, келесі жылы «Қазсушар» РМК облыстық филиалы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы 2700 га жер телімі үшін сыртқы инфрақұрылым нысандарын (сорғы станциясы, электрмен жабдықтау, тарату құбыры) қайта жаңартуды жоспарлап отыр.

Жобаның құны 529 756 463 тг.құрайды.

Жалпы, экология министрі Мағзұм Мырзағалиев атап өткендей, облыста жаңа суармалы жерлерді енгізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Минэкология күшімен жергілікті алқаптарды суару үшін су жіберу арқасында ауыл шаруашылығы өндірушілері жоңышқа өсіріп, жылына 4 рет  өнім алады. Неміс жабдығының көмегімен жоңышқа түйіршіктеледі, ұсақталады және Иранға, Таяу Шығыс елдеріне және Еуропаға экспортқа жіберіледі. Сондай-ақ, іске қосылған ирригациялық инфрақұрылым мен облыстағы суармалы алқаптардың өсуінің арқасында жергілікті аграршылар өздерінің сүт-тауар фермасын дамытып, оның көлемін мың бастан үш мыңға дейін ұлғайтуды шешті. Бұл туралы министрге «Милкер» ЖШС-нің суармалы алқаптарын тексеру және «Рад-Агро»ЖШС ЕҚДБ қарызы аясында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тұрақты суармалаудың сыртқы инфрақұрылымын жүргізілгеннен кейінгі қайта құрумен танысу барысында айтылды.