ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Алғашқы жартыжылдықта Су ресурстары және ирригация министрлігі Нидерланд мемлекетімен су тасқынына қарсы іс-қимыл және сала мамандарын даярлау жөнінде меморандумдарға қол қойды. Алғашқы құжат су шаруашылығы құрылыстарын салу және пайдалану, су тасқынын болжау және су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мәселелерінде ынтымақтастықты көздейді. Дельфт су білімі институтымен (IHE Delft) қол қойылған екінші меморандумда су саласының мамандарын даярлау, су саласында ғылым мен инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл қарастырылған.

Қазақстан мен Франция Балқаш көлі бассейніне ауқымды зерттеу жүргізу жөнінде келісімге келді. Бұл жұмыс жерсеріктік суреттерді зерттеуді және гидрогеологиялық талдауды қамтиды. Айта кету керек, бүгінгің таңда көл бассейнін ауқымды зерттеу қажет болғанымен, Балқаш бойынша жекелеген ғылыми институттар немесе қорлар жоқ.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Қазақстандағы өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Су саласында үлкен тәжірибесі бар инвесторларды тарту гидротехникалық құрылыстарды және басқа да маңызды инфрақұрылымды реконструкциялау мен жаңғыртуды едәуір жеделдетеді.

Ал, еліміздің оңтүстігіндегі егіс алқаптарында мажарстандық су үнемдейтін технология сынақтан өткізеді. Атап айтқанда, Water&Soil топырақтағы ылғалды сақтау үшін органикалық препарат әзірлейді. Компания өкілдерінің айтуынша, препарат суару көлемін 40%-ға азайтуға мүмкіндік береді және өсімдіктерді құрғақ кезеңдерде де ылғалмен қамтамасыз етеді.