ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ВЕГЕТАЦИЯ КЕЗЕҢІ

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ВЕГЕТАЦИЯ КЕЗЕҢІ

Елімізде суару маусымы басталғалы 20 мыңнан астам шаруаға 2,8 млрд текше метр су берілді. Бүгінгі таңда вегетация кезеңі штаттық кестеге сай өтіп жатыр.

«Қазсушар» мекемесі биыл 790 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқабын суаруға 7,6 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.

Суару маусымына дайындық аясында 83 гидробекет жөнделіп, қалпына келтірілді. Сонымен қатар 775 гидробекет аттестациядан өтті. 6 облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарына су беруді жақсарту үшін 390 шақырымнан астам суару арнасы тазартылды. Сондай-ақ, Қазақстанның 8 өңірінде 74 гидротехникалық құрылыс жөнделді.

Жыл басында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов шаруалардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында «Қазсушар» филиалдарына дихандармен делдалсыз тікелей келісімшартқа отыру туралы тапсырма берген болатын. Осының нәтижесінде биыл бірқатар өңірлерде шаруалар үшін суармалы судың бағасы арзандады.