Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сарысу ауданында суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін «Кәрітоған», «Сарыөзек» және Р-1 каналдарындағы су бекеттеріне жөндеу жұмысын жүргізді.
Бүгінгі таңда жергілікті шаруалармен суармалы су беруге 166 келісімшарт жасалды. Дихандарға нақты берілген су көлемі 10,5 миллион текше метр.