Павлодар облысында екі мың га астам суармалы жерді сумен қамтамасыз ету жүйесі қалпқа келтіріледі
Павлодар облысының екі ауданында суармалы жерлерге су тарту үшін инженерлік құрылғылар орнатылуда. Бұл жұмыстарды «Қазсушар» РМК жүзеге асыруда.
Осылайша, Ақтоғай ауданыны Әуелбек ауылында «Жангөбек» ЖШС тиесілі 1063 Га аумақ сумен қамтылады. Сондай-ақ, Май ауданы Майтүбек ауылында жалпы аумағы 1200 Га жерге су жеткізу үшін инженерлік құрылғыларды жаңарту жұмыстары басталмақ.

Ауқымды шараға соңғы дайындық жұмыстары маусым айының соңында басталған. Қазір қажетті құбырлар әкелініп, құрылыс жүргізілуде. Ал Май ауданында егін егілетін жер қабаты алынып, құбырларды салу үшін қазба жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, құбырлар Степногорск құбыр зауыты шығаратын отандық өндіріс болып табылады.