
22.07.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
Министр Сауран, Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді және суару кезеңінің барысын бақылады.
Сарыағаш ауданында 70 мыңға жуық тұрғыны бар 30 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіс топтық су құбырының құрылысымен танысты. Нұржан Нұржігітов өңір тұрғындарын мүмкіндігінше ертерек сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.
22.07.
АСТАНА
Жапондық сарапшылар келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізеді.
МАҢЫЗДЫ: Нұржан Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Агенттік мамандары биылғы су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған гидротехникалық құрылыстарды тексереді.
25.07.
АСТАНА
Нұржан Нұржігітов елімізде және басқа да 40-тан астам мемлекетте ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) өкілдерімен кездесті. Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін, тәжірибе мен технология алмасу мәселелерін талқылады.
23.07.
АСТАНА
Суару кезеңі басталғалы Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді.
МАҢЫЗДЫ: Осыған дейін Нұржан Нұржігітов Өзбекстанмен жарты жыл ішінде Қазақстанға Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су жіберу туралы мәмілеге келген болатын. Нәтижесінде өзбек тарапы келісілген су көлемін 4 айда жіберді. Суару кезеңінің соңына дейін тағы 1 млрд текше метр су жібереді деп күтілуде.
24.07.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Суару маусымы басталғалы Шардара су қоймасынан Қызылқұм каналы арқылы Түркістан облысының шаруаларына 682 млн текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда су қоймасында 2,6 млрд су бар. Бұл былтырғы көрсеткіштен 600 млн текше метрге артық. Шаруалардың сұранысына сай егіс алқаптарына секундына 115 текше метр су жіберіліп жатыр.
23.07.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Ақмола облысында Нұра топтық су құбыры қайта жаңартылуда. Бүгінгі таңда Егіндікөл ауданының «Ұзынкөл» сорғы станциясына дейін ұзындығы 36,6 шақырым учаскеде құбыр төсеу жұмыстары аяқталды.
24.07.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасының су торабына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда су торабының 3-ші қақпасын бояу және түзету жұмыстары толығымен аяқталды.
25.07.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару кезеңінің тұрақты өтуі үшін 1 гидротехникалық құрылысты жөндеп, «Жаңарық» каналының 7 шақырымына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді.
26.07.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Астана су қоймасына тереңдеткіш жабдықтар жинау және су қоймасына түсіру үшін «Ижевск» өндірістік учаскесінің аумағында арнайы алаң дайындады. Енді тереңдеткіштер су қоймасын лай шөгінділерінен тазарту үшін пайдаланылады.