ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: КЕШЕНДІ ҚҰРЫЛЫС

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: КЕШЕНДІ ҚҰРЫЛЫС

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде, 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады. Жаңадан салынатын және реконструкциядан өтетін топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады. Құрылыс жұмыстары еліміздің 9 өңірінде жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, биыл Қазақстанда 96 гидротехникалық құрылыс жөнделеді. Жөндеу жұмыстары еліміздің он өңіріңдегі нысандарда жүргізіледі.

Министрлік тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн. гектарға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр. Сондай-ақ қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға арттырып, экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға ниетті.

Бұдан бөлек, министрлік Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 шақырым суару желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Қызылорда облысында 2609 шақырым суару каналын автоматтандыру жоспарланып отыр. 17 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.