АПТАЛЫҚ ШОЛУ

АПТАЛЫҚ ШОЛУ

АПТАЛЫҚ ШОЛУ

18.07.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті.

Нұржан Нұржігітов Сырдария өзеніндегі жаңа су торабының құрылыс алаңына барды. Аманөткел ауылының маңында салынып жатқан нысан Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйесіне су толтыруға мүмкіндік береді.

Министр «Әйтек» су торабының жұмысымен танысты. Су торабы облыстың Сырдария және Жалағаш аудандарының егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз етеді және Солтүстік Аралға су жібереді.

Нұржан Нұржігітов Сырдария және Жалағаш аудандарының шаруаларымен сөйлесті. Дихандар қазіргі уақытта екі ауданда да су жеткілікті екенін айтты.

19.07.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Нұржан Нұржігітов Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына барды. Қазір институт топырақтағы ылғалды сақтау үшін мажарлық препаратты сынақтан өткізуде.

Министр «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқабында Шиелі ауданының шаруаларымен кездесті. Жергілікті шаруалар су үнемдейтін технологияларды қолдана отырып өсірген өнімдерін көрсетті.

Қызылорда облысындағы Талап топтық су құбырын реконструкциялау аяқталуға жақын. Келесі жылы Арал ауданының Ақбасты, Абай және Тоқабай елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын және «Байқожа» топтық су құбырын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.

15.07.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов азаматтарды қабылдап, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қоғамдық қабылдауда Алматы облысындағы өзендерді қорғау, Сарыағаш ауданының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды тазарту және жер бөгеттерін зерттеу бойынша шағымдар мен ұсыныстар айтылды.

15.07.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.
Динара Таженова Заң қызметі департаментінің директоры.

16.07.
АСТАНА
Жыл басынан су заңнамасын бұзушылардан шамамен 11,9 млн теңге өндірілді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 6 айда су заңнамасын сақтау бойынша 55 тексеріс жүргізіп, 103 құқық бұзушылықты анықтады.