Серікәли Мұқатаев «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» бөлімшесінің директоры қызметіне тағайындалды

Содержание спойлера

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті «Қазсушар» РМК басшылығының шешімімен бұған дейін бөлімше директорының орынбасары болып келген Серікәли Мұхаметкәрімұлы енді Алматы облысын сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие нысанды басқаратын болады. Ол 1964 жылы Алматы облысы Сарқан ауданында дүниеге келген. 1990 жылы – Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары түрлі мемлекеттік қызметтерде істеген. Ал 2010 жылдан бастап су шаруашылығы саласындағы еңбек етіп келеді. Қызметін Су ресурстарын реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясында бөлім бастығы болып бастаған болатын.  Жаңа лауазымға тағайындаған Серікәли Мұхаметкәрімұлына егін-терім науқанында суармалы жерлерді жеткілікті деңгейде сумен қамту және су нысандарының жұмысын жүйелеу міндеті қойылып отыр. Серікәли Мұхаметкәрімұлының жұмысына сәттілік тілейміз.