
09.07.
АСТАНА
Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай су саласының 323 маманы мен ардагері марапатталды.
АТАП АЙТҚАНДА: 33 қызметкер министрдің алғыс хатымен, 158 маман Құрмет грамотасымен марапатталса, 80 маманға «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі табысталды. Бұдан бөлек, еліміздің су шаруашылығының 53 ардагеріне «Су шаруашылының ардагері» төсбелгісі берілді.
09.07.
АСТАНА
Жыл басынан су саласындағы 7000-ға жуық жұмысшының еңбекақысы өсті.
МАҢЫЗДЫ: 1 қаңтардан еңбекақысы тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының айлығы орта есеппен 25%-ға көтерілді. Ал, 1 мамырдан еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлығы 25%-ға ұлғайды.
11.07.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі Жамбыл облысының су шаруашылығы саласына жүргізген аудит материалдарын Бас прокуратураға жолдады.
МАҢЫЗДЫ: Судың «қара нарығымен» күресу және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында министрліктің Ішкі аудит департаменті Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалына тексеріс жүргізген болатын. Нәтижесінде
су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі, сондай-ақ шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
ЕСКЕ САЛСАҚ: Жоғары аудиторлық палата тексерісінің қорытындысы бойынша «Қазсушар» мекемесінің басшылық лауазымдағы 5 қызметкері жауапқа тартылған болатын.
11.07.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 28 жобаны іске асыра бастады.
НӘТИЖЕСІНДЕ: 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады.
11.07.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 3,9 млрд текше метр су берді.
11.07.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы биылғы суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Отырар ауданында 11 каналдың 47,9 шақырым бөлігін механикалық әдіспен тазалады. Алтынбеков каналы мен тоспалары, 14 дана сорғы және Қызылту су сорғы станциясы ағымдағы жөндеуден өтті.
МАҢЫЗДЫ: Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Отырар ауданының шаруаларына 34,350 млн текше метр су берді. Нақты суарылған жер көлемі 8 350 га.
12.07.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Көксу ауданының шаруаларына 47,8 млн текше метр су берді. Нақты суарылған жер көлемі 14 787 га.
МАҢЫЗДЫ: Филиал биылғы суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін Көксу ауданында 5 гиротехникалық құрылыс пен 3 гидробекетке жөндеу жүргізді. Каналдардың 26,37 шақырым бөлігі механикалық әдіспен тазаланды.