
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Отырар ауданының шаруаларына 34,350 млн текше метр су берді. Нақты суарылған жер көлемі 8350 га. Филиал биылғы суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Отырар ауданында 11 каналдың 47,9 шақырым бөлігін механикалық әдіспен тазалады. Алтынбеков каналы мен тоспалары, 14 дана сорғы және Қызылту су сорғы станциясы ағымдағы жөндеуден өтті.