Су сөздігі «Топтық су құбыры»

Су сөздігі  «Топтық су құбыры»

Топтық су құбыры – бірден бірнеше елді мекенді сумен қамтамасыз ететін құбыр желісі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартады.

Бүгінгі таңда министрліктің қарамағында 660 елді мекенді немесе 1,4 миллионнан астам тұрғынды сумен қамтамасыз ететін 39 топтық су құбыры бар.