АПТАЛЫҚ ШОЛУ

АПТАЛЫҚ ШОЛУ

04.07.
АСТАНА
🇰🇿🇨🇳 Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.

 Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясының вице-президенті Цзян Игаомен кездесуде суару жүйелерін цифрландыру және осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

CITIC Gonstruction компаниясының президенті Цзяньцян Янмен су үнемдеу технологияларын енгізу жөнінде әңгімелесті. Қытайлық кәсіпкерлер Қазақстанда су үнемдеу жүйелерін шығаруға дайын екендіктерін білдірді.

 Power China компаниясының президенті Тань Сяофэнмен кездесуде қазақстандық су шаруашылығы саласының мамандары Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп келісті.

 China Energy International Group компаниясының басқарма төрағасы Лю Цзэсянмен Қазақстанның су қоймаларында су электр станцияларын салу мүмкіндігін талқылады.

03.07.
АСТАНА
Иран егіс алқаптарын суарудың заманауи технологияларымен бөлісуге және Қазақстанда ірі гидротехникалық құрылыстар салуға дайын.
МАҢЫЗДЫ: Нұржан Нұржігітов Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездесті. Тараптар егіс алқаптарын суару және тасымалдау кезінде су шығынын азайту үшін тәжірибе мен технологиялар алмасу мәселесін және жаңа гидротехникалық нысандардың құрылысын талқылады.
 АТАП АЙТҚАНДА: Ирандық компаниялар жерасты суларын пайдаланатын заманауи суару жүйелерін, сондай-ақ суды өсімдік тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суарудың автоматты қондырғыларын ұсынуға дайын. Осы технологиялардың нәтижесінде Иран күріш өсіруге жұмсалатын су шығынын едәуір азайтып, өнімділікті арттырған. Сондай-ақ, Қазақстанда әлемдегі ең ірі бөгеттердің бірі саналатын – «Бахтиари» ГЭС-ке ұқсас ауқымды құрылыс жобасын іске асыруға ниетті.

01.07.
АСТАНА
Нұржан Нұржігітов егіс алқаптарындағы су көлемін жерсерік арқылы есептейтін әзірлеме жасаған қазақстандық ғалым Диана Душниязовамен кездесті.
МАҢЫЗДЫ: Жаңа технология белгілі бір учаскеге қажет судың нақты көлемін анықтауға және артық шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Себебі, ол NASA және басқа да озық талдау орталықтарында қолданылатын компьютерлік алгоритмдерді пайдаланады. Алгоритм тек жерсеріктік суреттерге ғана емес, сонымен қатар далалық зерттеулер аясында жиналған мәліметтерге де негізделген.

01.07.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
 Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің деңгейі 119 см-ге көтерілді.
 ЕСКЕ САЛСАҚ: Су тасқыны кезінде Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне шамамен 7,4 млрд текше метр су жіберілді. Еріген қар суын теңізге өткізу үшін Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы қосымша каналдарды пайдаланды.

05.07.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Шардара ауданындағы 2Р-1 каналының сол жақ дамбасында пайда болған ақауды дер кезінде анықтады.
НӘТИЖЕСІНДЕ: Канал дамбасын қайта қалпына келтіру үшін шұғыл түрде техникалар жұмылдырылып, апаттық жағдайдың алдын алды. Бүгінгі таңда канал қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

02.07.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Қордай ауданының шаруаларын 11 млн текше метрге жуық суармалы сумен қамтамасыз етті. Нақты суарылған жер көлемі 6500 га.
 АЙТА КЕТУ КЕРЕК: Филиал суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Қақпатас гидротехникалық құрылысын жөндеді. Правая ветка, Қарасу коллектор каналдарының 7 шақырымы тазартылып, 6 гидробекетке жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

02.07.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Қызылорда облысының «Қазсушар» филиалы Қармақшы ауданының шаруаларына 192 млн текше метрге жуық су берді. Нақты суарылған жер көлемі 17 166 га.
 АЙТА КЕТУ КЕРЕК: Биылғы суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы ауданында 1 гидротехникалық құрылыс жөнделді. Наурызбай және Құрайлы каналдарында 2,275 шақырымы механикалық әдіспен тазаланды.