
Қызылорда облысының «Қазсушар» филиалы Қармақшы ауданының шаруаларына 192 млн текше метрге жуық су берді. Нақты суарылған жер көлемі 17 166 га.
Биылғы суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы ауданында 1 гидротехникалық құрылыс жөнделді. Наурызбай және Құрайлы каналдарында 2,275 шақырымы механикалық әдіспен тазаланды.
Қармақшы ауданының қажеттілігін өтеуге қажет суармалы судың алдын ала жоспары 510,3 млн текше метр. Бүгінгі күні каналдар арқылы су беру жөнінде дихандармен 31 келісімшарт жасалды.