АПТАЛЫҚ ШОЛУ

АПТАЛЫҚ ШОЛУ

24.06.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
 Жыл басынан Солтүстік Аралға 1,1 млрд текше метр су келді. Бүгінде теңіздегі су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті.
МАҢЫЗДЫ: Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-шы отырысында биыл суару маусымында Сырдария өзені арқылы Солтүстік Аралға 997 млн текше метр су жіберіледі деп келісті. Айта кету керек, Сырдария өзені ағынының 75%–ы Қырғызстанда, 20%–ы Өзбекстанда және 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.

25.06.
Суару кезеңі басталғалы Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі 20 мыңнан астам шаруаны суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі таңда «Қазсушар» филиалдары дихандарға шамамен 2,8 млрд текше метр су берді.
ЖОСПАР: Биыл «Қазсушар» 790 мың гектардан астам егіс алқабын суаруға 7,6 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Оның 7,3 млрд–ы республиканың оңтүстік өңіріне жұмсалады.

26.06.
Су тасқыны кезеңінде еліміздің су қоймаларынан 36 млрд текше метр су тасталды. Салыстыру үшін, былтыр 13 млрд текше метр су жіберілді.

28.06.
Биыл Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық.
САЛЫСТЫРУ ҮШІН: Былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша республиканың жалпы қажеттілігіне жұмсалған су көлемі 24,4 млрд текше метр.

28.06.
Жыл басынан Қазақстанның 6 облысында 600 шақырымнан астам канал механикалық әдіспен тазалады. 102 гидробекет жөнделді. 775 гидробекет тексерістен өтті.