ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі COVID-19 құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды

Содержание спойлера

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде - коронавирус құрбандарын еске алу мақсатында аза тұту күні деп жариялауына байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығы бір минут үнсіздік жариялады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, жауапты хатшы Сәбит Нұрлыбай, вице-министрлер Сергей Громов, Серікқали Берекешев, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков министрлік ғимаратының алдына шығып марқұмдарды құрметпен еске алды.

Айта кетейік, індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймақтарында бір сәтте өтті. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетті.