Суару кезеңі басталғалы Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі 20 мыңнан астам шаруаны суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіп отыр

Суару кезеңі басталғалы Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі 20 мыңнан астам шаруаны суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіп отыр

Суару кезеңі басталғалы Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі 20 мыңнан астам шаруаны суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі таңда «Қазсушар» филиалдары дихандарға шамамен 2,8 млрд текше метр су берді.

Биыл «Қазсушар» 790 мың гектардан астам егіс алқабын суаруға 7,6 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Оның 7,3 млрд–ы республиканың оңтүстік өңіріне жұмсалады.

Қазақстанның 6 өңірінде – Алматы, Түркістан, Қызылорда, БҚО, ШҚО және Жетісу облыстарында кәсіпорын филиалдары 600 шақырымнан астам каналды механикалық әдіспен тазалады. Сонымен қатар, жөндеу жоспарланған 437 гидробекеттің 102-і жөнделді. Жыл соңына дейін 1,5 мыңнан астам гидробекет аттестациядан өтуі тиіс, бүгінде 775 гидробекет тексерістен өтті.