Су сөздігі. «Жаңбырлатып және тамшылатып суару»

Су сөздігі. «Жаңбырлатып және тамшылатып суару»

Жаңбырлатып және тамшылатып суару – егістіктерде және жылыжайларда өсімдіктерді суарудың су үнемдейтін технологиялары. Жаңбырлатып суару қондырғылары табиғи жауын-шашын секілді суды егіс алқабына біркелкі таратады. Тамшылатып суару жүйелері суды аз мөлшерде, бірақ тікелей өсімдік тамырына жеткізеді.

Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруа қожалықтарын су үнемдейтін технологияларды енгізуге ынталандыру мақсатында кешенді қолдау іс-шараларын қабылдауда. Мәселен, биыл су үнемдейтін жүйелерді сатып алу және орнату шығындарын өтеу үшін шаруаларға төленетін субсидия мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.