Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы облыстың шаруаларына 1,25 млрд текше метр су берді

Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы облыстың шаруаларына 1,25 млрд текше метр су берді

21 сәуірден бері Қызылорда облысының «Қазсушар» филиалы өңірдегі дихандарға 1,25 млрд текше метр суармалы су берді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Роллан Ахметов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда филиал Қызылорда облысының 866 шаруасымен 123,7 мың га егіс алқабын суару үшін 2,86 млрд текше метр су беру жөнінде келісімшартқа отырды.

Сондай-ақ, өңірде жалпы ұзындығы 73,4 шақырым болатын 22 арна механикалық әдіспен тазаланып, 19 гидротехникалық құрылыс пен 15 гидробекетке жөндеу-реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

«Бүгін таңда күріштің жалпы егіс алқабының 97% сумен қамтамасыз етілді. Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан келетін су көлемінің ұлғаюының нәтижесінде Қызылорда облысында суару кезеңі жоспарға сай өтіп жатыр», - деді Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Роллан Ахметов.