Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті дихандарды 950 млн текше метрге жуық суармалы сумен қамтамасыз етті

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті дихандарды 950 млн текше метрге жуық суармалы сумен қамтамасыз етті

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті дихандарды 950 млн текше метрге жуық суармалы сумен қамтамасыз етті. Егіс алқаптарына тіршілік нәрі К-24, К-25 каналдары арқылы жеткізіліп отыр.

Суармалы судың уақытылы әрі тұрақты жеткізілуіне байланысты өңірдегі шаруалар өнім жинап жатыр. Мәселен, Жетісай ауданының дихандары алғашқылардың бірі болып қарбыздарын экспортқа шығара бастады.