Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Қаратал ауданының шаруаларына 18,5 млн текше метр су берді

Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Қаратал ауданының шаруаларына 18,5 млн текше метр су берді

Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Қаратал ауданының шаруаларына 18,5 млн текше метр су берді. Суарылған ауылшаруашылық алқаптарының нақты көлемі - 1802 га.

Өңірлік филиал жергілікті шаруалармен су беру жөнінде 395 келісімшарт жасады. Қаратал ауданы бойынша биылғы суару маусымына су пайдаланудың алдын ала жоспары 90,0 млн текше метр.

Аудандағы Үштөбе, Ескі Күшік, Күшік Кәлпе магистралдық каналдары, Р-9, Р-2-12, Р-15 су тарату каналдары мен ВК-1-6, ПР-3, Күркілдек, Коллектор-4 каналдары механикалық әдіспен тазалады. Сондай-ақ, Р-9, Р-2-12, Р-2-7, Р-2-8, Р-2-9 су тарату каналдарының 23 текше метр бөлігінде түбін және қабырғаларын бетондау жұмысын жүргізді.