
10.06.
АСТАНА
Жоғары аудиторлық палата тексерісінің қорытындысы бойынша «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жауапкершілікке тартылды.
МАҢЫЗДЫ: Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жоғары аудиторлық палата «Қазсушар» кәсіпорынына тексеріс жүргізген болатын. Оның қорытындысы бойынша «Қазсушар» бас директорының м.а. лауазымынан босатылды.
11.06.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 9 облыста топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 29 жобаны іске асырып жатыр.
НӘТИЖЕСІНДЕ: 437 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, жалпы саны 92 мың тұрғыны бар 44 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады.
12.06.
АСТАНА
Елімізге суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы 3,9 млрд текше метрге дейін, мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр, Шу өзені бойынша – 180 млн және Талас өзені арқылы – 380 млн текше метр су келеді.
13.06.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі биылғы су тасқыны кезінде көлдерге, лимандарға және суармалы шабындықтарға 12,4 миллиард текше метр су жіберді.
ҚОСЫМША: Еліміздің су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жиналған тасқын суы экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
10.06.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті шаруаларды 900 млн текше метрге жуық суармалы сумен қамтамасыз етті.
МАҢЫЗДЫ: Түркістан облысындағы 18 су қоймасы 66%-ға толды, бұл шамамен 5,5 млрд текше метр су. Шардара су қоймасына 4,96 млрд текше метр су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 816 млн текше метрге көп.
11.06.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
Алматы облысының Бартоғай және Күрті су қоймаларына өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 63%-ға артық су жиналды.
АТАП АЙТҚАНДА: Бартоғай су қоймасына 278,9 млн текше метр су жиналды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 95,9 млн текше метрге немесе 52,4%-ға артық. Күрті су қоймасына 109,75 млн текше метр жиналды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 46,5 млн текше метрге немесе 73,4%-ға артық.
13.06.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Мақтаарал ауданында жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын 10 гидротехникалық құрылысқа жөндеу жүргізіп, 33 арнаны механикалық әдіспен тазалады.
❕МАҢЫЗДЫ: Бүгінгі таңда филиал Мақтаарал ауданының шаруаларымен суармалы су беру жөнінде 2424 келісімшарт жасады. Биыл ауданның ауылшаруашылығы алқаптарын суаруға 453 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.
14.06.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті шаруаларға 150 млн текше метрге жуық су берді.
НӘТИЖЕСІНДЕ: 26 мың гектардан астам егіс алқабы суарылды. Шаруалармен барлығы 770,3 млн текше метр суармалы су беру жөнінде 6140 келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 106,2 шақырым болатын канал бөлігі механикалық әдіспен тазаланып, 13 гидротехникалық құрылыс пен 9 гидробекет жөнделді.