100 сұраққа – 100 жауап

100 сұраққа – 100 жауап

1. Ауылшаруашылығы саласының су тұтыну үлесі қандай?

Ауылшаруашылығы – еліміздің экономикасындағы ең көп су тұтынатын сала. Қазақстанда экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылатын жалпы су көлемінің 60%-ы ауылшаруашылығына жұмсалады, бұл тәулігіне 41 млн текше метр су.

2. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің қанша пайызы су үнемдейтін технологиялармен қамтылған және олардың жалпы ауданы қандай?

 Бүгінгі таңда еліміздегію суармалы алқаптардың 16% су үнемдейтін технологиялармен қамтылған. Бұл 312,2 мың га жер.

3. Министрлік жағдайды жақсарту үшін қандай іс-шаралар ұсынады?

Су үнемдейтін озық технологияларды қарқынды енгізу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, үнемді жүйелерге көшкен шаруаларға төленетін субсидия мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Ал, жаңа Су кодексінде су үнемдейтін технологияларды енгізу дәрежесіне байланысты субсидия және суға төмендетілген тариф түрінде мемлекеттік қолдау іс-шаралары қарастырылған. Сондай-ақ, тарифті өсірілетін дақылдардың түрлеріне және олар тұтынатын су көлеміне байланысты есептеу ұсынылады. Сонымен қатар, ұңғымаларды бұрғылауға арналған субсидия мөлшері 80%-ға дейін ұлғайтылды.

4. Су үнемдейтін технологияларды енгізуден қандай нәтиже күтіледі?

Министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдейтін технологиялармен қамту арқылы жылына 2,1 млрд текше метрге дейін су үнемдеуді жоспарлап отыр.