
Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде су құбырларын салу және реконструкциялау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Мәселен, 9 облыста 29 жоба (Ақмола, Атырау, Алматы, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, БҚО және СҚО) іске асырылып жатыр. Аталған жобалар аясында 2 мың шақырым су құбырын реконструкциялау және салу жоспарланған. Нәтижесінде, 437 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, жалпы саны 92 мың тұрғыны бар 44 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады.»
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз