АПТАЛЫҚ ШОЛУ

АПТАЛЫҚ ШОЛУ
07.06.
📍АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі судың «қара нарығын» жою мақсатында су саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтеді.
МӘСЕЛЕ:Бүгінгі таңда бассейндік инспекциялар Кәсіпкерлік кодекс аясында тексеріс жүргізеді. Алайда, жоспарлау, тіркеу және хабарлау процесі ұзаққа созылуына байланысты құқық бұзушылар жиі жазадан құтылып кетеді.
ШЕШІМ:Жаңа Су кодексінде уәкілетті ведомство мен бассейндік инспекцияларға қадағалау функциялары беріледі. Бұдан бөлек, қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекске толықтырулар енгізу ұсынылып отыр.
🗣️
ЦИТАТА:«Бұл біздің негізгі ұстаным. Судың «қара нарығын» жою және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін біз мемлекеттік бақылауды күшейтеміз. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 06.06.
📍АСТАНА
1 мамырдан еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін «Қазсушар» қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті.
ОСЫҒАН ДЕЙІН:2024 жылдың 1 қаңтарынан айлықтары тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілген еді. Жыл басында кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлықтары өсті.
МАҢЫЗДЫ:Су ресурстары және ирригация министрлігі кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін сала қызметкерлерінің айлығын көтеру бағытында жұмысты жалғастырады.

 04.06.
📍АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 9 облыста 28 жобаны іске асыра бастады.
МАҢЫЗДЫ:Бұл жұмыстардың нәтижесінде, 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады.
 МАСШТАБ:Топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады.

 03.06.
📍АСТАНА
Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады.
МАҢЫЗДЫ: Еліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиардқа артық.
САЛЫСТЫРУ ҮШІН: Былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін 24,4 млрд текше метр су пайдаланылды.

 03.06.
📍ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Сырдария ауданының шаруаларына 200 млн текше метрден астам су берілді.
МАҢЫЗДЫ: Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті дихандармен суару маусымында су беру жөнінде 110 келісімшарт жасады.

 04.06.
📍ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Шу ауданындағы ТЛХ-1, ТЛХ-2 және ТЛХ-1а арналары механикалық әдіспен тазаланды. Меркі ауданында 11 гидробекет толық жөнделді, 22 гидробекеттің құрылысы жалғасуда.
 ҚОСЫМША: Суару маусымын тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында бұл жұмыстарды Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жүргізіп жатыр.

03.06.
📍ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баяндама жасап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 04.06.
📍ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
📹
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баяндама жасап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
МАҢЫЗДЫ: Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша өңірлік «Қазсушар» филиалдарының басшылары суару маусымының барысы бойынша брифингтер өткізуде.изменено 12:48