
«Сіздердің жұмыстарыңыз көпшілікке көрінбеуі мүмкін, себебі, елді мекендерден шалғай жерде жұмыс істейсіздер. Құтқарушылар секілді үйлерге кіріп, құтқармайсыздар, полиция қызметкерлері сынды көмекке келмейсіздер, дәрігерлер секілді медициналық көмек көрсетпейсіздер немесе мұғалімдер сынды сабақ бермейсіздер. Сіздер әр үйді, әр кәсіпорынды және бүтін елімізді ең құнды ресурс – сумен қамтамасыз ету үшін ауқымды, бірақ, көріне бермейтін жұмысты атқарасыздар»,- Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов су саласының мамандарына су тасқыны кезінде атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.