
Суторап - бұл орналасқан жері мен жұмыс мақсатына қарай біріктірілген гидротехникалық құрылыстар (каналдар, шлюздер, бөгеттер және т.б.) кешені. Мысалы, Сырдария өзеніндегі Қызылорда суторабының су ағынын реттейтін бөгеті және өңірдің суармалы алқаптарына су жеткізетін екі арнасы бар.