
Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалымен келісімшартқа отырған Сырдария ауданының шаруаларына 200 млн текше метрден астам су берілді. Бүгінгі таңда ауданда суару маусымында су беруге 110 келісімшарт жасалды.
Сырдария ауданы бойынша суармалы су берудің алдын ала жоспары 812 млн текше метр.
Суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін ауданда бір гидротехникалық құрылысқа және жалпы ұзындығы 21,4 шақырым болатын Оразбай, Айжанкеткен және Балапанды каналдарына жөндеу жүргізілді.