Суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жуалы ауданында Ақсай және Көксай өзендеріндегі гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстарын жүргізді

Суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жуалы ауданында Ақсай және Көксай өзендеріндегі гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Тихий және Таракул каналдарын механикалық әдіспен тазартты. Тихий каналындағы гидробекет жөнделді.

Биыл Ақсай өндірістік учаскесі бойынша су берудің алдын ала жоспары - 30 млн текше метр. Бүгінгі таңда арналар арқылы суармалы су беруге 141 келісімшарт жасалды.