Су сөздігі

Су сөздігі

Лиманды суару – көктемде топырақты бірреттік терең ылғалдандыру жұмысы. Әдетте, ол үшін еріген қар суы пайдаланылады. Осылайша, топырақта өсімдіктерге жыл бойына жететін су қоры жиналады.

Су тасқыны кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мамандары еріген қар суын лиманды суару жүйелеріне жіберді. Мәселен, Ақмола облысындағы «Алва» және «Кеңбидайық» лиманды суару жүйелері 100% толды.